Спорт

"Канело" Джейкобсты жеңді – видео

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль Канело Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
12 раундқа созылған жекпе-жекті Геннадий Головкин де тамашалады

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 34 КО) пен америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің бұрынғы қарсыластары WBA Super, WBC және IBF чемпиондық титулдарына таласты. 

"Канело" мен Джейкобс жекпе-жекке бір күн қалғанда төбелесіп кетті – видео

Көптен күткен жекпе-жек 12 раундқа созылды.  "Канело" ұпай санымен жеңіске жетті.

Осылайша Альварес кәсіпқой бокстағы 52-ші жеңісіне қол жеткізсе, Джейкобс үшінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетсек, T-Mobile Arena аренасында қос боксшының жекпе-жегін Геннадий Головкин де тамашалады.

Жаңалықтар
0