Спорт

"Қазақтың Мессиі" еуропалық клубқа ауысты

© REUTERS / Alexei FilippovЕркебұлан Сейдахмет
Еркебұлан Сейдахмет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Болгарияның "Левски" клубы атап өткендей, Еркебұлан Сейдахмет – Қазақстанның ең мықты жас футболшыларының бірі

АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет еуропалық клубқа ауысты. Спортшыны болгариялық "Левски" клубы жалға алған екен.

Еркебұлан Сейдахмет - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Қазақтың Мессиі" атанған футболшы ауыр жарақат алып қалды

"19 жастағы шабуылшы 2000 жылы 4 ақпанда дүниеге келген, Қазақстанның ең мықты жас футболшыларының бірі. 2017 жылы "Тараз" құрамында ойнап, кейін ресейлік Премьер-лиганың "Уфа" клубына ауысты", - делінген "Левски" футбол клубының сайтында.

Сейдахмет еуропалық клубқа өтуіне байланысты қысқа пікір білдірген. Қазақстандық "Болгарияның ең танымал клубында" ойнайтынына қуанып жүр екен.

"Мұнда көптеген танымал футболшылар бар. Мұнда келгеніме қуаныштымын", - деді ол.

Бұған дейін "Уфа" ФК құрамында ойнаған "Қазақтың Мессиі" бапкерлері мен командаға алғыс айтып, клубпен қош айтысты.

Жаңалықтар
0