Спорт

Чемпион атанған қазақ боксшысы әлемдік рейтингте едәуір көтерілді

© Photo : prosports.kzСадриддин Ахмедов
Садриддин Ахмедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше ғана чемпиондық белбеуді беліне таққан Садриддин Ахмедов әлемдік рейтингте айтарлықтай өрледі

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. WBC бойынша әлем чемпионы, 20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) әлемдік рейтингте едәуір көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Кеше қазақ боксшысы кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізген болатын.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінің басты кездесуінің бірінде Ахмедов төртінші раундта мексикалық Абрахам Хуаресті (13-2, 5 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші орташа салмақ дәрежесіндегі жастар арасында WBC бойынша чемпиондық титулды иеленді.

Боксшының қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық боксшы мексикалықты 82 секундта нокаутқа жіберді – видео

Осы кездесуден кейін отандасымыз BoxRec.com сайтындағы рейтингте айтарлықтай өрледі. Садриддин 116 сатыға көтеріліп, енді 85-ші орында тұр.

Айта кетсек, оның алдында 80-ші орында тағы бір қазақ боксшысы, WBC Asia белбеуінің иегері Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) орналасқан.


Жаңалықтар
0