Спорт

Қазақстандық боксшы мексикалықты 82 секундта нокаутқа жіберді – видео

© Photo : Kokeshi75Боксшының қолғабы
Боксшының қолғабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісі

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (5-0, 5 КО) кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Спортшы Эдмонтондағы (Канада) бокс кеші аясында жұдырықтасты. Сегіз раундтық жекпе-жекте отандасымыз мексикалық Элиуд Мелендес Рочамен (14-10-2, 7 КО) кездесті. 

Айта кетсек, Ахмедов үшін бұл кәсіпқой рингтегі алғашқы сегіз раундтық жекпе-жек болды. Кездесуде Садриддин екі нокдауннан кейін техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Осылайша, қазақстандық боксшы мансабындағы алтыншы жеңіске қол жеткізді, ал Роча он бірінші жеңілісінің ащы дәмін татты. 

20 жастағы Ахмедов кәсіпқой рингке алғаш рет сәуірде шыққан еді. Содан бері алты жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 

Канадалық БАҚ отандасымыздың жетістіктерін назардан тыс қалдырмай, ұдайы атап өтеді.

 

Жаңалықтар
0