Спорт

Месси мен Роналду "Алтын доптан" құр қалды – оларды басып озған кім?

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуфутбол
футбол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Криштиану Роналду мен Лионель Месси 30 үміткердің ішінде үздік бестікке кірді

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы әрі Хорватия құрамасының үздік ойыншысы Лука Модрич "Алтын доп" сыйлығын иеленді.

Мараптатты France Football француз журналы ұсынды. Салтанатты рәсім дүйсенбі күні Франция астанасында өткен, деп жазады Р-Спорт.

© AFP 2024Лука Модрич "Алтын доптың" марапаттау салтанатында
Лука Модрич Алтын доптың марапаттау салтанатында - Sputnik Қазақстан
Лука Модрич "Алтын доптың" марапаттау салтанатында

Атап өтсек, Лука Модрич биыл "Реал" құрамында Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, Хорватия командасымен Ресейдегі әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, турнирдің үздік ойыншысы болды.

Айтпақшы, 11  жылда алғаш рет аргентиналық футболшы Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналду "Алтын доптан" құр қалып отыр, олар 2008 жылдан бері әрқайсысы бес рет сыйлық иегері атанған.

30 үміткер ішінде "Алтын доптың" үздік бестігі:

  1. Лука Модрич, ("Реал");
  2. Криштиану Роналду ("Реал"/"Ювентус");
  3. Антуан Гризманн ("Атлетико");
  4. Килиан Мбаппе ("Пари Сен-Жермен");
  5. Лионель Месси ("Барселона").

"Алтын доп" сыйлығын France Football журналы 1956 жылдан бері Еуропаның ең үздік жыл ойыншысына ұсынып келеді.

Жаңалықтар
0