Спорт

Головкиннің бапкері оның келесі қарсыласы мен жекпе-жек мерзімін атады

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы WBA "тұрақты" чемпионы Роб Брантпен жекпе-жек өткізуге мүдделі болып отыр

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Boxingnews24.com тілшісі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин "Канеломен" екінші жекпе-жек үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды

"Леффлердің айтуынша, Головкин 2019 жылдың алғашқы жартысында – наурыз немесе сәуірде жұдырықтасады. Әзірге ол оның қарсыласы туралы тіс жарған жоқ, дегенмен GGG бапкері Абель Санчес WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы "тұрақты" әлем чемпионы Роб Брант жайлы айтып қалды – олар 2019 жылдың басында осы жігітпен кездесуге мүдделі болып отыр", — деп жазды автор.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қазанда Роб Брант (24-1, 16 КО) жапон боксшысы Риота Муратаны (14-2, 11 КО) жеңіп, WBA "тұрақты" чемпионы атанды. Головкиннің командасы әуелі 2019 жылы Жапонияда Муратамен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған болатын.

Жаңалықтар
0