Спорт

Данияр Елеусінов бесінші қарсыласын да нокаутқа түсірді – видео

© AP Photo Данияр Елеусінов, архивтегі сурет
Данияр Елеусінов, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ боксшысы үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті

АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) Монте-Карлодағы (Монако) бокс кеші аясында никарагуалық Маркос Мохикамен жекпе-жек өткізді.

Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды: Елеусінов үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлады sports.kz. 

Нокаут пен жеке-жектің толық видеосын назарларыңызға ұсынамыз.

Осылайша, Данияр кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтады.Бұған дейін қазақ боксшысы америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта, тағы бір АҚШ өкілі Мэтт Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

Данияр кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісінен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады.    

"Қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлығыңызға алғысым шексіз! Сынағандарыңыз үшін раxмет. Мені ол тек әрі қарай күшейте түседі!!!", — деп жазды ол желідегі парақшасында.

 

 

 


Жаңалықтар
0