Спорт

"Геннадий әлі сенбейді". Головкиннің промоутері ескі әңгімені қайта қозғады

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2018 жылдың 17 және 20 ақпанында алынған "Канелоның " екі допинг сынамасынан кленбутерол табылып, Головкинмен қарымта жекпе-жегі кейінге қалдырылған болатын

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альвареске қатысты допинг дауын тағы еске алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Танымал бапкер Головкин – "Канело" жекпе-жегінде кім жеңгенін айтты

"Геннадий "Канело" көп ет жеп қойды дегенге әлі сенбейді. "Канело" екі рет допинг сынағынан өте алмады, бірақ болар іс болды – біз жекпе-жектің нәтижесін даулай алмаймыз. Оның үстіне, дисквалификация мерзімін өтеп, рингке оралды, жекпе-жекте жақсы жұдырықтасты. Геннадий допингке қатысты талай рет халық алдында пікірін білдірген болатын, себебі бокс – өте қауіпті спорт түрі. Ол бұған үлкен жауапкершілікпен қарайды, сол себепті ойын ашық білдіреді", — деді Леффлер.

Естеріңізге сала кетсек, Альварестің допинг сынамасынан кленбутерол табылып, ақпан-тамыз айларында дисквалифицияланған болатын.

15 қыркүйекте Головкинге қарсы қарымта жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Жаңалықтар
0