Спорт

Қазақ боксшысы қарсыласын 1-раундта сұлатып, чемпиондық белбеуді иеленді — видео

Жазылу
Бұл жекпе-жекте WBC белбеулер жүйесіне кіретін NABF (Солтүстік Американың бокс федерациясы) Junior чемпиондық титулы бәске тігілген-ді

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Жеңіліп көрмеген қазақстандық Әли Ахмедов кәсіби рингтегі 13-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Батыр Жүкембаев Косми Ривераны жеңді - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді - видео
Бүгін АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Месе қаласында жартылай ауыр салмақтағы WBC жастар белбеуінің иегері 23 жастағы Ахмедов титул үшін жекпе-жек өткізді. Қазақстандық спортшының қарсыласы 27 жастағы мексикалық Джовани Хавьер Гомес болды. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундта-ақ аяқталды. Бұған Ахмедовтің қарсыласының бауырынан қатты соққы жасауы себеп болды.

WBC белбеулер жүйесіне кіретін NABF (Солтүстік Американың бокс федерациясы) Junior чемпиондық титулы бәске тігілген-ді. Осылайша Ахмедов кәсіби рингтегі 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның ішінде онын ол мерзімінен бұрын аяқтаған болатын. Ал қарсыласы Гомес карьерасында 15-ші рет жеңілді. Осы күнге дейін 17 рет жеңіске жеткен.

Ахмедов отандасы негізін салған Геннадий Головкиннің GGG Promotions компаниясының спортшысы. Қазақстандық өзінің жекпе-жектеріне АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Big Bear лагерінде дайындалады. Оны Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес жаттықтырады.

Жаңалықтар
0