Спорт

Головкин WBC рейтингінде бірінші орын алды

© Sputnik / Тимур БатыршинГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз дивизионының рейтингінде көш бастап тұр

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінде өз орнын сақтап қалды.

Головкин мен Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты

Ұйым әртүрлі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Сонымен, орташа салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз дивизионының рейтингінде бірінші орында тұр.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегінде жеңіліс тауып, бүкіл чемпиондық титулынан айырылған болатын. Геннадий Головкин алғашқы жеңілісінен кейін отанына оралды. Айтар болсақ, GGG жеңілсе де, жанкүйерлерінің ықыласынан кенде қалған жоқ, қазақстандықтар Головкинді әлі қолдау көрсетіп келеді. Елорда тұрғындары Геннадийге арнап өлең де оқып берген.

Жаңалықтар
0