Спорт

Головкин Нурмагомедовтің жеңісінен кейін шаршы алаңға "шығып кетті"

© AP Photo / John LocherХабиб Нурмагомедов
Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Интернетте Хабиб пен Конордың жекпе-жегі жайлы өте көңілді анимациялық мультфильм жарияланды

АСТАНА, 8 қазан — Sputnik. Хабиб Нурмагомедовтың Конор Макгрегорға қарсы жекпе-жегінен кейін интернетте күлкілі суреттер мен видеолар жарияланып жатыр. 

Олардың арасынан нағыз жауһар дүниелерді де кезіктіруге болады. Арабтың 3D-аниматоры Муджахид Фудайлат ережесіз жекпе-жек пен бокстағы маңызды оқиғалар туралы анимациялық мультфильмдер жасауды әдетке айналдырған. Фудайлат спортшылардың тұлғасын жасап, олардың видеожазбалардан алынған дәйексөздерін пайдаланады. Хабиб пен Конор жайлы мультфильмі өте көңілді шыққан, деп жазды sports.kz.  

Роликтің басында Конор қарсыласын жайратып салуға уәде береді. Хабиб ирландиялықты нокдаунға жіберіп, оның дін туралы, әкесі мен Бруклин автобусы жайлы айтқан сөздерін еске түсіріп, ұрып-соғады. Ол Макгрегорға тұншықтыру әдісін қолданған кезде, кенеттен сегізбұрышта бокстан бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин пайда болып, өзінің үйреншікті "Big Drama Show" деген сөзін айтады.  

Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор - Sputnik Қазақстан
Спорт
Нурмагомедов пен МакГрегордың жекпе-жегі төбелеспен аяқталды - видео

 Хабибке бүркіттің қанаты бітіп, сегізбұрыштан ұшып шығып, Диллон Дэнисті (Конордың спарринг серіктесі, оған Хабиб жеңіске жеткеннен кейін шабуылдаған болатын) іліп әкетеді. Осы кезде Нурмагомедовтың достарының бірі Конорға шабуылдайды, ерні көгерген ирландиялыққа (баспасөз конференциясында Хабибке "Сен өлесің! Сенің көгерген ерніңді көріп тұрмын" деген болатын) UFC басшысы Дэйна Уайт араша түседі. Ролик Конор мен Уайттың диалогымен аяқталады: 

Конор: Қайта оралсам керемет болар еді.

Уайт: Өшір үніңді.  


Жаңалықтар
0