Спорт

WBA бойынша әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

© AFP 2024Каллум Смит
Каллум Смит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Британдық боксшы Каллум Смит бұл кездесу қаржы жағынан тиімді болатынына сенімді

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. WBA Super бойынша әлем чемпионы, Дүниежүзілік бокс суперсессиясының (WBSS) алғашқы маусымында топ жарған ұлыбританиялық Каллум Смит танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келеді.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин Қазақстанға келді

"Атағы әлі жер жарады. Қаржы жағынан тиімді кездесу болатынына сенімдімін, оны ұтатын болса, бұл үлкен жеңіс болғалы тұр", — дейді Смит, деп жазады Sports.kz.

Головкин Альварестен ұтылса да, британдық жігіт оны жеңіліс тапты деп санамайды екен.

"Мен үшін ол әлі де ең даңқты боксшы. Тіпті орташа ауыр және супер ауыр салмақта жұдырықтасатын боксшылардан да беделі жоғары", — деді Смит.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-mobile аренасында Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің қарымта-жегі өткен болатын. 12 раундқа созылған кездесу төрешілер шешімімен "Канелоның" пайдасына шешілді. Осылайша отандасымыз кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп, барлық чемпиондық белбеуінен айырылған еді.

Ал сейсенбі күні GGG туған қаласы – Қарағандыға келгені белгілі болды.


Жаңалықтар
0