Спорт

Головкин желіде видео жариялап жұрттың жүрегін елжіретті

© AP Photo / Kathy WillensГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желі қолданушылары қазақстандық боксшыны әлі де чемпион санайтындарын жарыса жазды

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы болған жекпе-жектен видео жариялап, жұрттың жүрегін елжіретті. Аталған видеода Головкиннің өзінің қарсыласына қалай соққылар жасағаны таспаланған.

Геннадйи Головкин мен Абель Санчес, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Спорт
Абель Санчес Головкиннің жеңілгенін мойындады

Видео аз уақыт ішінде бір миллионнан астам көрілім жинап, көптеген пікір жазылды. Желі қолданушыларының барлығы спортшыға қошемет сөздер айтып, оны мақтан тұтатындарын жеткізді. 

"Алға, Гена! Халқың сенімен бірге!", "Гена, бәрібір жақсы", "Сіз біздің жүрегіміздегі чемпионсыз! Реванштың болуын күтеміз және жеңіске жеткеніңізді қалаймыз. Жеңіс біздікі", "Құдай берген талантты ешкім де тартып ала алмайды! Қарсыласы 30-ға да толмаған, ал Генаның жасы 40-қа жақындап қалды. Ол осы уақытқа дейін тамаша жетістіктерге жетті. Бір рет жеңіліс табу деген ешнәрсе емес. Барлық адам бокс ережесін 100% біле бермейді. Сол себепті қателік төрешілерден кетті деп ойлаймын. Ал Гена қолынан келгеннің бәрін жасады. Бұл Алланың берген сыйы деп ойлаймын" деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес 16 қыркүйек күні екінші жекпе-жектерін өткізді. Төрешілердің шешімімен кейінгісі жеңіске жетті.

Жаңалықтар
0