12:15 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Спорт
Қысқа сілтеме алу
2271 0 0

Абель Санчестің айтуынша, Головкиннің осы жылдың желтоқсанында немесе 2019 жылдың басында рингке шығуы екіталай

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өтетін үшінші жекпе-жектің қашан болуы мүмкін екенін айтты.

Абель Санчестің сөзінше, "Golden Boy Promotion" компаниясының президенті Эрик Гомес GGG-дің жеңілісінен кейін үшінші кездесу өткізу қажеттігін айтқан. BoxingScene Санческе сілтеме жасап, Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі 5 мамырда өтуі мүмкін екенін жазды.

Бапкер орта салмақтағы WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Головкиннің осы жылдың желтоқсанында немесе келесі жылдың басында шаршы алаңға шығуы екіталай екенін атап өтті. Санчестің пікірінше, қазақстандық боксшыға қазір демалыс қажет.

Айта кетсек, Лас-Вегаста өткен бокс кешінде отандасымыз кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты. Төрешілердің шешімімен 12 раундқа созылған қарымта жекпе-жек мексикалық Сауль Альварестің пайдасына шешілді. Осылайша Головкин WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылып қалды.

Тақырып бойынша

Желіде Головкин - "Канело" жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды
"Өзімді әлі де чемпион санаймын". Головкин жеңілісті қалай қабылдағанын айтты
Головкин кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапты
Головкин – "Канело" жекпе-жегі: Дэниел Джейкобс кім жеңетінін біледі
"Енді болмайтын шығар ...". Головкин жанкүйерлерін алаңдатып қойды
"Өз елін қолдамай ма?". Головкин Қазақстанның әнұраны орындалғанына қарсы
"Ол жынданып кете жаздады". Леффлер Головкин басынан кешкен қиын кезеңді еске алды
Кілт сөздер:
Геннадий Головкин, Сауль "Канело" Альварес, бокс, промоутерлік компания, кәсіби ринг, мамыр, төрешілер
Загрузка...

Басты тақырып