Спорт

Головкин – "Канело" жекпе-жегі: Дэниел Джейкобс кім жеңетінін біледі

© AP Photo / Rich SchultzДаниэль Джейкобс
Даниэль Джейкобс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дэниел Джейкобстің пікірінше, егер Головкин Альвареспен алғашқы кездесуден қорытынды шығаратын болса, оған жеңісті береді

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Дэниел Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекке өз болжамын айтты.  

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Абсолютті әлем чемпионы Головкин – "Канело" жекпе-жегіне әділ болжам жасады

Дэниел бұған дейін Головкинмен жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын, деп жазды Sports.kz. Ол Геннадий мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жекті көргенін айтады.  

"Біз алғашқы жекпе-жекті қайталап көреміз деп ойлаймын. Меніңше, Головкин жеңеді. Егер дұрыс жұдырықтасып, Альвареспен алғашқы кездесуден қорытынды шығаратын болса, оған жеңісті береді. Ал шын мәнісінде "Канелоның" жеңіске жеткенін қалаймын, ал мен Деревянченконы ұтып, онымен кездессем деймін. Содан кейін  Головкинге реванш берер едім. Мен үшін бұл тиімді сценарий, өйткені GGG-ді ұттым деп есептеймін. Егер екеуін де жеңсем, дивизионның көшбасшысы атанар едім. Мені рингке жіберіңіздерші, ең үздік екенімді дәлелдеп берейін" — деді Джейкобс. 

Жаңалықтар
0