Спорт

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

© Photo : Round By Round Boxing Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әзірге отандасымыздың қарсыласы кім болатыны айтылмады

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 20 қазан күні АҚШ-тың Бостон қаласында өтеді. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусінов "маймылсың" деген боксшының ит терісін басына қаптады

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов жанкүйерлерімен кезекті жаңалығын бөлісті. Жұрт асыға күтіп жүрген жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды.

"Келесі жекпе-жегімді 20 қазанда АҚШ-тың Бостон қаласында өткіземін" деп жазды ол инстаграм желісіндегі парақшасында.

"Қазақ мотодоры" атанған отандасымыздың қарсыласының есімі әзірге белгісіз. Бұл жекпе-жек Деметриус Андраде мен Билли Джо Сондерс арасында WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына таласу кешінің андеркартында өтеді.

Данияр Елеусінов 27 жаста. Орта салмақ дәрежесінде (66,7 килограмм) өнер көрсетеді. Кәсіби бокста үш кездесу өткізіп үлгерді және барлығында жеңіске жетті.

 

 

Жаңалықтар
0