Спорт

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді – видео

© Photo : Казахстанская федерация боксаДанияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА, 5 тамыз— Sputnik. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.  

Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қуат Хамитов қай қазақ боксшысы келесі әлем чемпионы болатынын айтты

Ол Кардиффте (Уэльс) Ice Arena Wales аренасындағы бокс кешіне қатысты. Елеусіновтің алты раундтық жекпе-жегіндегі қарсыласы венгр боксшысы Габор Горбич (24-11, 14 КО) болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жекпе-жек Лондонда маусымда өтуі тиіс болатын, венгрдің спарринг кезінде жарақат алып қалуына байланысты кейінге қалдырылды.   

Жекпе-жекте Елеусінов ұпай санымен жеңіске жетті — 60-54. Осылайша, Данияр кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді, ал оның қарсыласы 12-ші рет жеңілді. 

Айта кетейік, бесінші раундта Елеусіновтің оң қабағы жарылып кетті, алайда бұл жекпе-жекті соңына дейін жеткізуге кедергі болған жоқ. 

Қазақстандық боксшы таяуда берген сұхбатында биыл кем дегенде тағы екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.   

Қазақстандық Садриддин Ахмедов үшінші жекпе-жегін де нокаутпен ұтты

Қазақ қызының рингтегі қарсыласы жынысын ауыстырған еркек екені анықталды



Жаңалықтар
0