Спорт

Промоутер Головкиннің "Канелодан" кейінгі сенсациялық жекпе-жегі туралы мәлімдеді

© AP Photo / Chris CarlsonГеннадий Головкин промоутері Том Леффлермен
Геннадий Головкин промоутері Том Леффлермен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен "Канело" қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді

АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. WBA Super, WBC және IBO бойынша орташа салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер алда супер орташа салмақ дәрежесіндегі IBF чемпионы Джеймс Дигейлге қарсы жекпе-жек болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"

"Бұл GGG үшін жақсы жекпе-жек болар еді. Геннадий Джеймспен Ұлыбританияда жұдырықтасуға қарсы емес – британдық фанаттары оны жақсы көреді, кезінде Келл Брукке қарсы кездесуі O2 Arena рингінде өткен. Геннадий ол жақта уақытын жақсы өткізді, Ұлыбританияда тағы бір сенсациялық жекпе-жекке шығуына болады деп ойлаймын", — дейді Леффлер.

Головкин 15 қыркүйекте Сауль Альвареске қарсы қарымта жекпе-жекке шығады.

Жаңалықтар
0