Спорт

Франция ӘЧ 2018 финалына шықты

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуФранция - Бельгия
Франция - Бельгия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Футболдан әлем чемпионатының бүкіл тарихында француздар үшінші рет финалға шығып отыр

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Франция құрамасы Ресейдегі футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Бельгия командасын ұтып, финалға шықты.

© Sputnik / Владимир АстапковичФутбол. Әлем чемпионаты-2018. Франция-Бельгия
Футбол. Әлем чемпионаты-2018. Франция-Бельгия - Sputnik Қазақстан
Футбол. Әлем чемпионаты-2018. Франция-Бельгия

Санкт-Петербургте сенбі күні өткен кездесу 1:0 есебімен француздардың пайдасына шешілді. Самюэль Юмтити 51-ші минутта гол соқты, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

© Sputnik / Александр ВильфФутбол. Әлем чемпионаты-2018. Франция-Бельгия
Футбол. Әлем чемпионаты-2018. Франция-Бельгия - Sputnik Қазақстан
Футбол. Әлем чемпионаты-2018. Франция-Бельгия

Финалда Франция құрамасы сәрсенбіде болатын Англия мен Хорватия кездесуінде жеңіске жеткен командаға қарсы ойнайды. Ал ақтық ойын Мәскеуде 15 шілдеде "Лужники" стадионында өтпек.

© Sputnik / Владимир АстапковичФранцуз жанкүйерлері
Француз жанкүйерлері  - Sputnik Қазақстан
Француз жанкүйерлері

Франция құрамасы әлем чемпионатының финалына тарихта үшінші рет жетіп отыр. Алғаш рет 1998 жылы өз елінде өткен чемпионатта бірінші орынға ие болса, 2006 жылы Германияда пенальти бойынша Италия құрамасынан жеңілген еді.

Жаңалықтар
0