Спорт

Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚанат Ислам
Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қанат Исламның келесі қарсыласы Каркамо кәсіпқой бокстағы карьерасында екі титулдық жекпе-жек өткізген

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. 23 маусымда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырған қазақстандық боксшы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) қарсыласы анықталды, деп хабарлады Қазақстанның кәсіпқой боксы ВКонтакте-тегі парақшасында.

Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қанат Ислам WBO рейтингіндегі орнынан айырылып қалды
"Qazaq-қа" 27 жастағын мексикалық Фернандо Каркамо (23-8, 18 КО) қарсылас болады. Жекпе-жек  Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theatre ойын-сауық кешенінде өтеді. 

 Каркамо кәсіпқой бокстағы карьерасында екі титулдық жекпе-жек өткізген: 2012 жылы ол америкалық кіші Фидель Мальдонадоны(24-4-1, 19 КО) нокаутқа түсіріп, WBC Silver "жастар" белбеуін иеленген. Ал екі жылдан кейін ресейлік Петр Петровтан (38-6-2, 19 КО) нокаутпен ұтылған, ол кезде жеңіл салмақтағы WBA-NABA титулы мен WBO NABO "уақытша" белбеуі тігілген еді. 

 Фернандо соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 13 қазанында өткізді – үшінші раундта өзінің отандасы Эмилио Канисалесті (6-6-1, 5 КО) нокаутқа жіберді.   


Жаңалықтар
0