Спорт

Қанат Ислам WBO рейтингіндегі орнынан айырылып қалды

Жазылу
Қазақстандық боксшы жаңартылған рейтингте тоғызыншы орынға жайғасты

АСТАНА, 30 мая – Sputnik. Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды. Айтылған тізімде жерлесіміз Қанат Ислам тағы да екі орын төмен сырғыды, деп хабарлады prosports.kz. 

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) бірінші орта салмақтағы орнынан айырылып қалды. Енді ол жаңартылған рейтингте тоғызыншы орынға жайғасты.

Рейтингте британдық Лиам Смит көш бастаса, аустралиялық Дэннис Хоган екінші орыннан көрінді. Ал, америкалық боксшы Джулиан Уильямс үздік үштікті қорытындылап тұр.   


Жаңалықтар
0