Спорт

Головкин мен Мартиросян қанша табыс табатыны белгілі болды

© AP Photo / Jae C. HongГеннадий Головкин и Ванес Мартиросян
Геннадий Головкин и Ванес Мартиросян - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Los Angeles Times Головкин алдағы жекпе-жектен 2 миллион долларға жетер-жетпес қаржы табады деп жазған болатын

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) алдағы жекпе-жек үшін алатын кепілдендірілген соманы жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин – Мартиросян жекпе-жегінде кім жеңеді? Хопкинс шынын айтты

"Сенбіге кепілдендірілген гонорар: Геннадий Головкин — 1 миллион доллар, Ванес Мартиросян — 225 мың доллар", — деп жазды Пагмайр твиттерде.

Бұдан бұрын осы басылым Головкин бұл жекпе-жектен тұтастай алғанда  2 миллион долларға жетер-жетпес қаржы табады деп жазған болатын. Ал USA Today қазақстандық боксшы 2-3 миллион доллар кіріс келтіреді деп болжады.

Головкин — Мартиросян жекпе-жегі 5 мамыр күні (Қазақстанда – 6 мамыр күні Астана уақытымен сағат 09:00) Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) өтеді.


Жаңалықтар
0