16:53 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Спорт
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Спорттық күрестен әлем чемпионатына қатысушылар Токиодағы Олимпиадаға жолдама ұтып алады

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Түркия мен Қазақстан 2019 жылғы спорттық күрестен әлем чемпионатын өткізуге өтініш берлі, деп хабарлайды Р-Спорт.

Қазақстан барысының финалы, архивтегі сурет
ИА "Новости-Казахстан", Болат Шайхинов

Басылым атап өткендей, 2019 жылғы әлем чемпионатында Токиода 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.

"Бүгін де 2019 жылғы әлем чемпионатын өткізуге екі қала өтініш беріп отыр – Стамбул мен Алматы. Осы екі ел не ұсына алатынын мұқият зерттеп жатырмыз. Маусым айында атқару комитеті (UWW) шешім қабылдайды. UWW атқару комитеті өз шешімін  атқару комитеті бюросының мүшелеріне ұсынады, ал бюро отырысы Римде шілденің аяғы – тамыздың басында өтеді. Сол кезде 2019 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетінін жариялайтын боламыз", — деп мәлімдеді Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті Ненад Лалович тілшілерге.

UWW басшысы атап өткендей, ұйым қазіргі таңда әлем чемпионатына дайындық барысын бұрынғыдан да мұқият қадағалап жүр.

Кілт сөздер:
Қазақстан, Алматы, Стамбул, күрестен әлем чемпионаты
Загрузка...

Басты тақырып