Спорт

"Ертіс" футбол клубын әйел адам басқаратын болды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуФутбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Клубтың бұрынғы директоры Жанайдар Дүйсембаев уақытша қызметінен шеттетілді

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Жанайдар Дүйсембаев клубтың директоры қызметінен уақытша шеттетілуіне байланысты орнына Насима Хаева тағайындалды, деп хабарлайды "Ертіс" футбол клубының баспасөз қызметі.

Криштиану Роналду, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Спорт
Роналду бір ойында бірнеше рекорд жаңартты

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Павлодар облысының футбол федерациясы қауымдастығының жаңа президенті болып жақында өңір басшысының бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек тағайындалған еді, ол "Ертіс" ФК бапкерлер құрамы және ойыншыларымен кездесу барысында клуб директоры Жанайдар Дүйсембаевтың уақытша қызметінен шеттетілгенін хабарлады.

Оның орнына "Ертіс" футбол клубының бас директоры міндетін клубтың қаржы директор Насима Хаева орындайтын болады. 

"Қаржы бойынша ахуал бір қалыпты, қарыз емеспіз. Үздік үштікке кіру мақсатынан ешкім бас тартпайды", — деді Жазылбек. 

"Ертіс" ФК бас бапкері Жерард Нус бапкерлер мен ойыншылар атынан өткен ойындағы жеңілісі үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта жақсы нәтиже көрсетуге уәде берді.

Жаңалықтар
0