Спорт

Головкиннің командасы 21 жастағы боксшыға 750 мың доллар ұсынған

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
GGG-дің командасы Мунгиамен жекпе-жек өткізбек болған

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкин 5 мамырдағы жекпе-жегінде мексикалық 21 жасар Хайме Мунгиамен жұдырықтасқысы келген, деп жазады prosports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Мексикалық боксшыға Головкинмен жұдырықтасуға тыйым салынды

Los Angeles Times ақпаратына сүйенсек, GGG-дің командасы Мунгиамен жекпе-жек өткізбек болған. Алайда бұл кандидатураны Невада штатының атлеттік комиссиясы қабылдамаған.

"Головкин мексикалық Хайме Мунгиамен жұдырықтасқысы келген, алайда Невада комиссиясы оны қабылдаған жоқ. Комиссияның пікірінше, ол мұндай жекпе-жек үшін әлі білікті емес. Кей ақпаратқа сүйенсек, Мунгиаға НВО телеарнасында PPV көрсетілімде жекпе-жек өткізу үшін 750 000 доллар ұсынылған", — деп жазды Los Angeles Times.

 

Жаңалықтар
0