Спорт

"Канелоның" орнына Головкинмен жұдырықтасуға дайын Чавес өз шартын айтты

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Канелоны" алдағы уақытта жекпе-жектерден шеттету қаупі төніп тұр

АСТАНА, 2 сәуір — Sputnik. Мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль "Канело" Альварестің орнына 5 мамыр күні қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуге дайын екенін айтты.

Дегенмен Чавес бір шарт қойып отыр. Ол жекпе-жектің жартылай орта салмақта, яғни 168 фунтта өткенін қалайды екен, деп жазады 24 хабар.

Еске салайық, "Канелоны" алдағы уақытта жекпе-жектерден шеттету қаупі төніп тұр. Себебі оның допинг сынамасы оң нәтижесін берген болатын. Бұл өз кезегінде 5 мамыр күніне жоспарланған Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесудің өтуіне кедергі жасауы ықтимал. 

 

 

Жаңалықтар
0