Спорт

Қазақстандық спортшылар Олимпиаданы жалғыз "қоламен" аяқтады

© Photo : Изтурган Алдауев/НОК КазахстанаПхенчхан Олимпиадасындағы қазақстандық шаңғышылар
Пхенчхан Олимпиадасындағы қазақстандық шаңғышылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық жанкүйерлердің ең соңғы үміті де ақталмады

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада шаңғышы қыздарымыз 30 шақырымдық масс-стартта өнер көрсетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Юлия Галышева - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан қоржынына Олимпиаданың алғашқы медалі түсті
Бірақ, қазақстандық жанкүйерлердің ең соңғы үміті де ақталмады. Қыздарымыз барын салғанымен, жүлделі орынға қол жеткізе алмады.

Анна Шевченко 31-ші, Валерия Тюленева 32-ші, Елена Коломина 33-ші болып мәреге қатар жетті.

Осылайша, еліміз спортшылары Оңтүстік Корея жеріндегі Олимпиада ойындарын аяқтап отыр. Команда қоржынында фристайлшы Юлия Галышева алып берген жалғыз қола жүлде ғана бар.


Жаңалықтар
0