Спорт

Олимпиада-2018: Рейхерд пен Колмаков жүлдесіз қалды

© AP Photo / Lee Jin-manПавел Колмаков
Павел Колмаков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд жетінші және сегізінші орынға ие болды

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Қазақстандық фристайлшы жігіттер Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд могулдан суперфиналға шыға алмады, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитет.

Қазақстандық шанамен жарысушы Никита Копыренко - Sputnik Қазақстан
Спорт
Олимпиада-2018. 10 ақпанның жарыс кестесі

Үздік алтылыққа ену үшін Павел Колмаковқа бір ұпай жетпей қалса, Дмитрий Рейхерд сегізінші орынды иеленген.

Могулдың жеңімпазы канадалық  Микаэль Кингсберри атанды, ол финалда 86,63 ұпай алды. Екінші орын – австралиялық Мэтт Грэхэм (82,57), үшінші орында жапон спортшысы Дайхи Хара — 82,19.


Жаңалықтар
0