Спорт

"Еуразия Барысын" Қазақстан құрамасы жеңіп алды

© Photo : Информационно-спортивный хаб"Еуразия Барысы"қазақ күресінен әлем кубогының финалы
Еуразия Барысықазақ күресінен әлем кубогының финалы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасы қазақ күресінен әлем кубогын төртінші рет иеленді

АСТАНА, 17 желтоқсан  — Sputnik. "Еуразия Барысы"қазақ күресінен әлем кубогы Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісімен аяқталды. 

Турнирдің финалында ұлттық құрама Алматы командасын ұпай санымен ұтты. Негізгі кездесу тең аяқталды — 4:4. Финалдан бұрын турнир жеңімпаздары Моңғолия мен жапония құрамасын тізе бүктірді, ал Алматы құрамасы Грузия мен Өзбекстанды жеңді. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде өзбектер жапондардан мықты екенін дәлелдеді.  

Қазақстан барысы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстан құрамасы "Еуразия барысы" турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды
"Бізге бұл турнирді ұтуға сәттілік жетпеді. Ұлттық құрамадан ұпай санымен ғана ұтылдық. Тең күрескен едік. Тұтастай алғанда қарсыластардың осалы болмады. Спортшылардың нәтижесіне көңілім толды. Енді басқа жарыстарға дайындаламыз," — деді екінші орын алған құраманың аға жаттықтырушысы Бауыржан Тәліп.  

Жарыстарға барлығы сегіз елдің балуандары қатысты. Олардың арасында "Еуразия Барысына" алғаш рет қатысқан Бразилия, Жапония және Камерун құрамалары бар.

Осылайша, турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен және тайқазанмен марапатталды.  Бірінші орынға — 10 миллион теңге, екінші орынға – 6 миллион теңге және үшінші орынға — 4 миллион теңге.  


Жаңалықтар
0