Спорт

Fight Nights Global 80 турнирінде 7 қазақстандық жеңімпаз атанды

© Photo : Sports.kzҚуат Хамитов
Қуат Хамитов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарыстың ең басты екі жекпе-жегінде қазақстандық Георгий Кичигин мен Қуат Хамитов жеңіске жетті

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Алматыда аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 80 турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Сергей Ковалев пен Вячеслав Шабранский - Sputnik Қазақстан
Спорт
Ковалев әлем чемпионы атағын қайтарып алды

12 жекпе-жекте қазақстандық балуандар жеті рет жеңіске жеткен. 

Сегізбұрышқа ең бірінші болып Qazaq 70 турнирі аясында қазақстандық балуандар Медет Базарбеков пен Олжас Есқараев шықты. Есқараев бірінші раундта буындыру әдісін қолданып, қарсыласын ұтты. 

Екінші жекпе-жекте Нұржан Ақышев пен Мұрат Бақтыоразов сайысқа түскен. Бұл кездесуде Ақышевтың мерейі үстем болды.

Сонымен қатар, Qazaq 70 аясында Дәулет Ізтілеу мен Арман Әлімов кездесіп, Әлімов үшінші раундта жеңімпаз атанды.

Турнирдің маңызды кездесулерінің бірінде қазақстандық Георгий Кичигин мен ресейлік Магомед Нуров сегізбұрышқа шығып, қазақстандық төртінші раундта жеңімпаз атанды. Сөйтіп, Георгий Fight Nights Global чемпионы белдігін сақтап қалды. 

Ал кештің басты жекпе-жегі қазақстандық Қуат Хамитов пен ирландық Питер Куиллидің кездесуі болды. Бес раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен Хамитовтың пайдасына шешілді.

Жаңалықтар
0