11:41 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Ашхабадтағы Азиада (5)
35 0 0

Ашхабадта өтіп жатқан Азиада кезіндегі Қазақстан қоржынындағы алтын медалдар әзірге жеңіл атлеттердің үлесінде

АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Сейсенбі күні Түркменстан астанасында өтіп жатқан V Азия ойындары кезінде қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова екінші алтын медалды иемденді. 

Дүйсенбі күні Рыпакова ұзындыққа секіруден халықаралық мәре кезінде бірініш алтын медалын жеңіп алған еді. 

Сейсенбі күні спортшы өз "олжасына" әйелдер арасында үш қарғып секіруден жеңіп алған екінші алтын медалін қосты. Онымен бірге мәреде 18 жасар қазақстандық спортшы Мария Овчинникова күміс медаль иеленді. Бұл жарыс кезінде үшінші орынға қытайлық спортшы Тан Кичжао жайғасты.Сондай-ақ сейсенбі күні ел намысын қорғаған екі спортшы Элина Михина мен Виктория Зябкина да жүгіруден алтын медалға ие болды. Бұл жолғы жарыста қазақстандық спортшы Ольга Сафронова үшінші орын алып, қола медаль тақты. 

Нәтижесінде командалық жалпы көрсеткіште қазақстандық спортшылар сейсенбі күні бесінші орыннан үшінші орынға көтерілді.

 

 

 

 

 

Тақырып:
Ашхабадтағы Азиада (5)
Загрузка...

Басты тақырып