Спорт

"Қазақ жауынгері" Қытайда өткен жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді

© Photo : әлеуметтік желіден алындыЕлхат Нығметолла
Елхат Нығметолла - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елхат Нығметолла мансап жолында 11 кездесу өткізіп, оның екеуінде нокаутпен жеңіске жеткен

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. "Қазақ жауынгері" деген лақап атпен белгілі Елхат Нығметолла кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қанат Ислам қарсыласының неге ауысқанын түсіндірді

"Профи Бокс Казахстана" мәліметінше, Қытайдың Цзинань қаласында өткен бокс кеші аясында WBO тұжырымы бойынша ең жеңіл салмақтағы Азия чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекте Елхат Нығметоллы таиландтық боксшы Кайонсак Потангті екінші раундта нокаутқа түсірді.

Елхат Нығметолла мансап жолында 11 кездесу өткізіп, оның екеуінде нокаутпен жеңіске жеткен. Ал 35 жастағы Кайонсак Потанг 25 рет жеңіске жетіп (17-сі нокаутпен), 17 рет жеңіліп көрген (14-і мерзімінен бұрын).

Айта кетейік, "Қазақ жауынгері" атты лақап атпен өнер көрсетіп жүрген Елхат Нығметоллы Қанат Исламның жерлесі болып келеді. Екі спортшы да Қытайдың Синьцзян провинциясы Іле-Қазақ автономды округіндегі Алтайда дүниеге келген.


Жаңалықтар
0