Спорт

Кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралмақ

© AP Photo Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елеусінов ұлттық құрамаға қыркүйек айында қосылады

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралмақ, деп жазады Vesti.kz.

"Иә. Бұл шындық. Мен ұлттық құрамаға қайта ораламын", — деп жауап берген портал тілшісінің сұрағына Елеусінов. 

Ол әлем чемпионатынын кейін қосылатынын айтқан. Сондай-ақ, боксшы Токиода өтетін Олимпиада қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізген. 

Еске сала кетсек, осы жылдың қаңтар айында Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысқаны хабарланған еді. Олар австарлиялық компаниямен келісімшартқа да отырды. Бірақ кейінн Майк Алматураның компаниясы өзіне артылған міндетті атқармай, боксшыларымыз келісімшартты үзді. Сөйтіп, Дычко америкалық The Heavyweight Factory компаниясымен келісімшарт жасаса, Данияр қайта әуесқой боксқа келіп отыр.


Жаңалықтар
0