13:03 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Спорт
Қысқа сілтеме алу
93 0 0

Спорттық кешенде спорттың алты түрінен секциялар ашылатын болады

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Танымал боксшы Геннадий Головкин Қарағандыдағы дене шынықтыру — сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мұндай сыйлықты танымал спортшыға қала тарту етті. Спорттық кешен Октябрь ауданының тұрғындары үшін салынды. 

"Сен Америкада төбелесіп жүргеніңде, біз де қол қусырып отырған жоқпыз. Меніңше барлық тұрғындар үшін бұл жақсы сыйлық болады!", — деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов спорт нысанын аша отырып. 

Өз кумирін көру үшін спорттық кешеннің ашылуына 10 мыңға жуық қазақстандық келді. Көпшілігі – Майқұдық тұрғындары. Геннадий Головкин сол жерде өсіп, спорттық мансабын бастаған. 

  • Геннадий Головкин атындағы спорттық кешен
    Геннадий Головкин атындағы спорттық кешен
    © Sputnik /
  • Геннадий Головкин атындағы спорттық кешен
    Геннадий Головкин атындағы спорттық кешен
    © Sputnik /
1 / 2
© Sputnik /
Геннадий Головкин атындағы спорттық кешен

"Армысың, Отаным, туған жерім! Барлық Майқұдық жігіттері атынан баршамызға арналған сыйлық үшін алғыс білдіргім келеді. Отанымызда дамып өсу үшін ондай мүмкіндіктер бар. Сіздер менің мысалымда көптеген етістікке қол жеткізуге болатынын көріп отырсыңдар. Спортпен айналысыңдар. Қазір ол үшін бәрі жасалып жатыр!", — деді Геннадий Головкин жиналған қонақтарға алғыс білдіре отырып. 

Спорттық кешенде спорттың алты түрінен 14 бапкер жұмыс істейтін болады. Олар – ауыр атлетика, бокс, жүзу, синхронды жүзу, баскетбол, волейбол. Бір уақытта бұл жерде 558 бала жаттыға алады. Балалар үшін сабақтар тегін болмақ. Кешеннің құрылысына 874 миллион теңге жаратылды. Барлық жаттығу залдары мен секциялар да тегін жұмыс істейтін болады. 


Загрузка...

Басты тақырып