03:40 24 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Спорт
Қысқа сілтеме алу
15801

Әлемдік бокстың жұлдыздары бүкіләлемдік бокс кеңесінің конвенциясына келеді

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Астанада WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) конвенциясының жалауын ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушының штаб-пәтерінде сақтау үшін тапсыру рәсімі өтті. Осылайша, WBC конвенциясының мерейтойлық 55-ші конвенциясы көрме кезінде Астанада өтетін болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл шара 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 500-ге жуық делегат қатысады, олардың арасында әлем чемпиондары және чемпиондыққа үміткерлер, белгілі меценаттар, менеджерлер мен промоутерлер бар. 

"WBC басшылығы Астанаға келуге ықылас білдірген боксшылардың үлкен тізімін жіберді: Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо, Майк Тайсон, Мұхаммед Әлидің қызы Лейла. WBC белдігін алған чемпиондар, олардың ішінде, әрине, Геннадий Головкин бар. Бұл кезде ол өзінің жекпе-жегіне дайындалатын болса да, біз оның Астанаға келуі үшін келіссөздер жүргізе береміз", — деп атап өтті Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекқожин. 

Конвенция аясында қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ол ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында ұйымдастырылады. Кештің басты оқиғасы WBC версиясы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек болмақ, ол қырықтан астам елде көрсетілетін болады. 


Загрузка...

Басты тақырып