Бразилиялық джиу-джитсуден спорт шебері Бразилиядан келген Алешандрэ Пайва Астанада семинар өткізді, оған бокстан олимпиада чемпионы, ҚР мәжіліс дептутаты Серік Сәпиев қатысты.
"ALLIANCE" әлемдік командасы негізін салушылардың бірі, бразилиялық джиу-джитсуден төрт дүркін әлем чемпионы Алешандрэ Пайва Қазақстанға алғаш рет келіп, БАӘ-де өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында қазақстандық спортшылармен екі күндік семинар өткізді.
"Енді ғана айналыса бастадым, маған кимоно сыйлады. Әзірше әуесқой деңгейінде үйрене беремін, себебі жаңа спорт түрлерін меңгергенді жақсы көремін",- деді Серік Сәпиев Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында.
Бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады