Спорт

Шарипова 54 секундта жеңіске жетті

© Photo : Allfight.ruФируза Шарипова
Фируза Шарипова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіби рингте жүрген жалғыз қазақстандық қызымыз бес жекпе-жекте төрт рет ұтқан.

АСТАНА, 8 сәуір — Sputnik. Әйелдер кәсіби боксында Қазақстанның намысын қорғап жүрген жалғыз боксшы қыз Фируза Шарипова жұма күні бесінші жекпе-жегінде ресейлік Виктория Котованы техникалық нокаутпен жеңді.

Фируза Шарипова - Sputnik Қазақстан
Спорт
Боксшы Шарипова жекпе-жек алдында Петербург метросындағы жарылыс құрбандарын еске алды

Шарипова-Котова жекпе-жегі қазақстандық қыздың бірнеше шабуылымен басталып, 54-секундта төреші жекпе-жекті тоқтатқан: Фируза қарсыласын нокдаунға түсірендіктен, әрі қарай жалғастырмауға шешім қабылданып, әділқазылар жеңісті Шариповаға берді. Бұл қазақстандық арудың кәсіби мансабындағы ең жылдам жеңісі болды.

"Жекпе-жектің аяқталғанын сезбей де қалдым. Шаршаған жоқпын, еш жерім ауырмайды да. Виктория маған бірде-бір рет соққы жасамады", — деді жеңімпаз жекпе-жектен соң.

Жаңалықтар
0