20:29 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Спорт
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

Бұдан бұрын Қазақстан құрамасының қонақ үйінде австриялық полицейлер көптеген медициналық құрылғылар мен тыйым салынған препараттар тапқан екен

АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. Қазақстандық биатлоншылар қонақ үйлер тінтілген шудан соң Австриядағы әлем чемпионатында аралас эстафетадан 11 орын иеленді.

Аралас эстафетада (2х6 шақырым әйелдер+2х7,5 шақырым ерлер) қазақстандық квартет мәреге 11-ші болып жетті. Эстафетада Қазақстанның намысын Ольга Полторанина, Анна Кистанова, Максим Браун және Ян Савицкий қорғады. Эстафетада бірінші орынға немістер қол жеткізсе, күміс жүлдені Франция иеленіп, Ресей елі мәреге үшінші болып табан тіреді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Австрияның құқық қорғау органдары Хохвильцендегі биатлоннан әлем чемпионаты алдында Қазақстан құрамасы орналасқан қонақ үйге тінту жүргізген болатын. Қазақстан құрамасы жатқан бөлмелер мұқият тексеріліп, көптеген медициналық құрылғылар мен тыйым салынған препараттар табылған еді. Қазіргі уақытта табылған дәрі-дәрмектер Австрияның допингке қарсы ұлттық агенттігіне жіберілді.   

Загрузка...

Басты тақырып