Спорт

Универсиаданың фристайл-акробатикасы Қазақстанға екі медаль әкелді

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖанбота Алдабергенова.
Жанбота Алдабергенова. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның ұлттық құрамасының қоржыны Универсиаданың алғашқы күні үш медалмен байыды: бір күміс, екі қола

АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Қазақстандық Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова дүйсенбі күні Алматыдағы 28-ші қысқы Универсиада аясында өткен фристайл бойынша жарыста күміс және қола жүлдегер атанды.

Анна Шевченко - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстанның Универсиададағы алғашқы медалі: күміске екі секунд жетпей қалды

Екі қазақстандық дүйсенбі күні фрристайл-акробатика финалында өнер көрсеттті, ақтық сынға олардан бөлек қытайлық Чжу Иньин мен белорус қызы Вера Ляшкевич өткен еді. Нәтижесінде бірінші орынды Қытай елінен келген бойжеткен иеленді, өйткені қола жүлдегер атанған Жанбота Алдабергенова өз кезегінде жерге дұрыстап табан тірей алмаған еді.

Соңғы элементте жіберген қателігінің салдарынан аруымыз үшінші орынға сырғып, ал екінші орынды Жібек Арапбаева иеленді, үздік төрттіктің соңғы жүлдегері белорус қызы Вера Ляшкевич атанды. 

Жаңалықтар
0