Спорт

Универсиада-2017 қатысушыларын допингке австриялық зертхана тексеретін болады

© AP Photo / Alexander ZemlianichenkoДопинг-сынама
Допинг-сынама - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүниежүзілік қысқы универсиада кезінде допингке қарсы талдау Австрияның допингке қарсы зертханасында жүргізіледі

АСТАНА, 13 қаң – Sputnik. Дүниежүзілік қысқы универсиада кезінде допингке қарсы талдау Австрияның допингке қарсы зертханасында жүргізіледі, деп хабарлайды спорттық іс-шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі. 

Алла Важенина, Цао Лэй, Надежда Евстюхина - Sputnik Қазақстан
Спорт
Важенинаның алтын медалі: ХОК-тың алаған қолы береген

"2017 жылдың 13 қаңтары — 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың допингке қарсы жүйесін құру бойынша тәжірибесі басқа халықаралық спорт жарыстарын өткізуде қолданылуы мүмкін Универсиаданың бірден-бір "мирасына" айналмақ. Универсиаданы допингке қарсы қамтамасыз ету үшін Допингке қарсы қамтамасыз ету тұжырымдамасында қарастырылған жоспар арнайы дайындалды", — делінген таратылған хабарламада.

Жарыстар кезінде допингке бақылау жүргізетін инспекторлар ретінде Қазақстан Республикасының Допингке қарсы ұлттық орталығының тәжірибелі қызметкерлері жұмыс жасамақ, сондай-ақ, Орталық Азиядан білікті мамандар шақырылады. Осылайша Қысқы универсиада кезінде допингті бақылау қызметіне 35 инспектор және 54 жетектеуші тартылады.

2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекцияның Медициналық қамтамасыз ету және допингті бақылау департаменті FISU медициналық комитетімен бірлесе отырып, Дүниежүзілік қысқы универсиада кезінде допингті бақылау рәсімін өткізуге арналған жоспарды, сондай-ақ, FISU ережелеріне сәйкес спортшыларды тестілеуді үлестіру жоспарын дайындады. 

Универсиада -2017 символы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Әкім: Алматыдағы универсиада Ойындар тарихында ең ауқымды болуы мүмкін

Допинг бақылау қызметінің жұмысын жүзеге асыру мақсатында жалпы алғанда 10 допинг бақылау бекеті ұйымдастырылды: 9 бекет 8 спорттық объекте (сынамалардың саны мен орналасқан жерін ескере отырып, бір спорттық объекте 2 бекет ұйымдастырылады), 1 бекет Атлеттер ауылында орналасады. Барлық бекеттердің жұмысына мониторинг жасау және үйлестіру мақсатында Атлеттер ауылындағы Медициналық орталық жанында допингке бақылау жүргізетін командалық орталық құрылады.

Допингке қарсы талдау Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) аккредиттеуінен өткен Австрияның допингке қарсы зертханасында жүргізіледі. 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада кезінде допинг бақылау қызметінің жұмысы Дүниежүзілік допингке қарсы кодекстің ережелеріне, Халықаралық тестілеу стандарттарына және де FISU ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады. Допингке қарсы талдаулардың барлығы WADA ұйымының спорт ерекшеліктерін ескере отырып талдау жасауға арналған Техникалық құжатының талаптарына сәйкес жүргізіледі.


Жаңалықтар
0