Спорт

Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

© AP Photo / Mark J. TerrillГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин бокстан орташа салмақ дәрежесіндегі чемпион ретінде ең көп нокаут жасаған боксшы.

АСТАНА, 13 жел — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ең жоғары нокауттар пайызына ие болған орташа салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды Instagram желісіндегі gggboxing ресми парақшасы.

Бұл күндері Флоридада биыл 54-ші рет өткізіліп отырған WBC (World Boxing Council) конвенциясы болып жатыр, оған Головкин де қатысты. Instagram желісінде Гиннестің рекордтар кітабы сертификатының суреті жарияланды. 

Сонымен қатар, боксшыға WBC арнайы марапаты мен "Жыл жаңалығы" марапаты берілді. Спортшы Instagram парақшасында WBC құрамында болу зор құрмет екендігін айтты.

Жаңалықтар
0