Спорт

Мұхамедиұлы допинг дауы туралы: спортшыларымыз үшін қатты алаңдаймын

Жазылу
Қазақстан мәдениет және спорт министрінің пікірінше, спортшылардың допинг қолданғаны анықталса, бұған ұжым болып жауап беруі тиіс.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы допинг-сынамаларында тыйым салынған препараттар табылған  Илья Ильин мен басқа да спортшылар үшін "қатты алаңдайтындығын" мәлімдеді.

мельдоний - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстанда допинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін

Бұдан бұрын мәдениет және спорт министрлігі допинг қабылдағаны үшін қылмыстық жауапқа тартуды қарастыратын заңнамалық түзетулер енгізуді ұсынатындығын айтқан болатын. Допингке қатысы бар спортшыларға, олардың дәрігерлеріне, бапкерлеріне, сондай-ақ тыйым салынған препараттарды жеткізушілерге жаза қолдануды ұсыну жоспарланған. 

"2017 жылы допинг қолдану туралы заң енгізбекшіміз. Не үшін? Қазір бар айып спортшылардың мойнына ілінді. Ал, сол кезде спортты басқарған адамдар қайда қалды? Дәрігер неліктен жауапқа тартылмайды?", — деді Мұхамедиұлы мәжіліс отырысынан кейін тілшілерге. 

"Спортшыларымыз үшін қатты алаңдаймын, Илья Ильян және осындай жайтқа тап болған басқа да ауыр атлеттер үшін", — деді министрлік басшысы.

Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар бұл мәселемен жападан-жалғыз күресуге мәжбүр.  

Жаңалықтар
0