Спорт

Данияр Елеусінов сусабынды жарнамалауды жалғастыра береді

© AP Photo Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Данияр Елеусінов танымал брендпен келісімшартты ұзартты. Ол тағы бір жыл сусабында жарнамалайтын болады.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Қазақстандық бокс федерациясы шаш күтіміне арналған сусабын өндірушісімен серіктестік келісімді ұзартты, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. 

Осылайша олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов олардың өнімдерін жарнамалауды жалғастыратын болады. 

Өткен жылы бокс бойынша ұлттық құраманың капитаны Данияр Елеусінов сусабынды жарнамалау кампаниясының бетіне айналды. Танымал боксшымен келісім шартты 12 айға ұзарту туралы шешім қабылданды. 

Қазақстанда боксшылар алғаш рет танымал брендпен ынтымақтастық жасады. 


Жаңалықтар
0