Тоқаев әл-Фараби мен Абайдың мерейтойларына қатысты тапсырма берді

© Sputnik / Тимур БатыршинМозаичное панно, Дом ученых, Алматы
Мозаичное панно, Дом ученых, Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы мен Абайдың 175 жылдығын атап өту үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әл-Фараби мен Абайдың мерейтойлары кең ауқымда аталып өтеді, деп хабарлайды Ақорда.

"Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін. Үкімет Әбу  Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын мемлекеттік  комиссияның қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін", - деп жазылған қаулыда.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту жоспары да 1 қазанға дейін мемлекеттік комиссия қарауына ұсынылады.

"Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды мемлекеттік комиссия 2019 жылдың 1 қарашасына дейін бекітсін", - деп жазылған құжатта.

Жаңалықтар
0