Маск, Брэнсон мен Безосқа Байқоңырға шақыру хаты жолданды

© AFP 2024 / BRITTA PEDERSENИлон Маск построит свой город
Илон Маск построит свой город - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Қазан айының басында "Союз МС-19" ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшады. Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкер Антон Шкаплеров және түсіру тобы – актриса Блия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко аттанады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. Ресейдің "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы миллиардерлер Илон Маск, Ричард Брэнсон және Джефф Безосты "Союз МС-19" зымыранының Байқоңырдан ғарышқа аттану салтанатына шақырды. Ішінде актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко болады, деп жазды РИА Новости.

"Шақыру хаттары жолданды", - деп мәлімдеді мемлекеттік корпорация өкілі.

Еске салсақ, зымыранды ұшыру 2021 жылдың 5 қазанына белгіленген.

"Союз МС-19" ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына 66-шы экспедицияға қатысушы – ғарышкер Антон Шкаплеров, сондай-ақ ғарыштағы алғашқы көркем фильмді түсіру үшін актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко аттанады.

17 қазанда Пересильд пен Шипенко ғарышкер Олег Новицкиймен бірге "Союз МС-18" ғарыш кемесімен Жерге қайта оралады деп жоспарланып отыр.

Орбитада тұңғыш көркем фильм түсіретін экипаж қазір жеке скафандрмен жаттығып жатыр, деп хабарлады Бірінші арна. Скафандрлар түсіру тобы үшін арнайы дайындалған.

Жаңалықтар
0