Назарбаев Гагаринмен қалай кездесті: Нұр-Сұлтанда көрме ашылды

© Sputnik / Абзал КалиевЭкспонат выставки "Наш Гагарин" в Нур-Султане
Экспонат выставки Наш Гагарин в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
Шараны Қазақстандағы Россотрудничество, Мәскеудегі космонавтика музейі, Қазақстан инновациялық және телекоммуникация жүйесі университеті ұйымдастырды

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда тұңғыш ғарышкерге арналған "Біздің Гагарин" көрмесі ашылды.

Ұшқыш-ғарышкер, Қазақстанның Халық қаһарманы, КСРО қаһарманы Тоқтар Әубәкіров көрменің құрметті қонағы болды, деді Sputnik Қазақстан.

© Sputnik / Абзал КалиевҰшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров
Назарбаев Гагаринмен қалай кездесті: Нұр-Сұлтанда көрме ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров

Шараны Қазақстандағы Россотрудничество, Мәскеудегі космонавтика музейі, Қазақстан инновациялық және телекоммуникация жүйесі университеті ұйымдастырды.

Көрме Юрий Гагариннің туған күніне арналған.

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтанда Юрий Гагаринге арналған көрме ашылды
Назарбаев Гагаринмен қалай кездесті: Нұр-Сұлтанда көрме ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Нұр-Сұлтанда Юрий Гагаринге арналған көрме ашылды

Суреттер арасында Гагарин мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен сәті бар. Кездесу Мәскеуде жастардың коммунистік одағының XIV съезінде өткен.

"Менің ойымша, барлық ғарышкерлер барша адамзатқа тиесілі. Сондықтан біздің рөліміз - халықтарды біріктіру. Адамзат керемет адамды жоғалтты. Гагарин - барша Жер шарының адамы. Бәрі оған ұқсас болғысы келді", - деді Әубәкіров Sputnik Қазақстанға.

© Sputnik / Абзал КалиевКөрмеге кіру тегін
Назарбаев Гагаринмен қалай кездесті: Нұр-Сұлтанда көрме ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Көрмеге кіру тегін

"Наш Гагарин" көрмесі наурыз айының соңына дейін Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында өтеді. Кіру тегін.

Жаңалықтар
0