Аспаннан жұлдыз жауған түн: таңғажайып құбылыстың кадрлары

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуПерсеида метеорлар жауыны
Персеида метеорлар жауыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей тұрғындарға жұлдыздардың аққанын тамашалауға ауа райы кедергі жасады

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. Түнгі аспанның көрінісі қиялымызды сан-саққа жетелеп, қайталанбас көңілкүй сыйлайды. Биыл аспаннан жұлдыз жауған ең әсем түнді қазақстандықтар да құр жібермей суретке түсіріп, тілек тіледі.

Персеида жұлдыздар жауыны – жыл сайын тамыз айында болатын метеорлар ағыны. Тамыздың 12-сінен 13-іне қараған түні тұрғындар фотоаппаратпен қамданып, осы бір таңғажайып құбылысты суретке түсіріп алуға тырысты.

"Жерден қарағанда Персей жұлдыздар шоғырынан жарқын ұшқындар атқылап жатқандай көрінеді", — деп жазады желі қолданушылары.

Аққан жұлдыздарды аңду үшін түнгі қала жарығынан алысырақ, шетке шыққан жөн еді. Алайда қала сыртына аттанған алматылықтарға ауа райы кедергі болыпты.

"Аққан жұлдыздарды көре алмадық, жаңбыр толастамай, палаткамыздан ағып кетті, шарабымыз ішілмей, шай да қоя алмадық. Есесіне таңертең – ғажап көрініс!" — деп суреттерімен бөлісті қолданушылар.

Метеор жауынын тамашалай алмағандарда онлайн бақылауға мүмкіндік болды.

Әлемнің түпкір-түпкірінде жұлдыз жауған түні қалай тілек тілегенін төмендегі кадрлардан біле аласыз.

Жаңалықтар
0