https://sputnik.kz/20220201/Arenda-memleket-bagdarlama-19250151.html
Аренданың жартысын мемлекет төлейді: жаңа бағдарлама қашан іске қосылатыны белгілі болды
Аренданың жартысын мемлекет төлейді: жаңа бағдарлама қашан іске қосылатыны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған баспана үшін төлемдерді тағайындау қағидалары әзірленді 01.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-01T08:51+0500
2022-02-01T08:51+0500
2022-02-01T15:00+0500
қоғам
жалдамалы баспана
бағдарлама
https://sputnik.kz/img/07e4/08/1d/14829871_0:141:1280:861_1920x0_80_0_0_268c60d26bbb6ed88652404cc6c0eadc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Баспана кезегінде тұрған адамдарға аренда ақысын төлеуге көмектесетін жаңа бағдарлама мамыр айында іске қосылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін президент жекелеген санаттарға арендалық төлемнің бір бөлігі субсидиялау тетігін әзірлеуді тапсырған болатын.Министрдің айтуынша, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған баспана үшін төлемдерді тағайындау қағидалары әзірленді. Оператор болып Отбасы банк белгіленді.Банк кезекте тұрған адамдарды тұрғын үйге мұқтаждығы бойынша ақпараттық жүйе арқылы тексереді."Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген: 50 %-і мемлекеттік субсидия есебінен жабылады, қалған 50 процентін үйді жалға алған адам өзі төлейді. Тұрғын үй төлемдері бағдарламасын толық іске қосу мамыр айына жоспарланған", - деді Өскенбаев үкімет отырысында.Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар:Төлем тағайындау үшін өтініш беруші банкке ЭЦҚ арқылы өтініш пен баспананы жалдау шартын қоса береді.Қалған құқық белгілейтін құжаттар тиісті ақпараттық жүйелерден алынады.Отбасы банк ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексеріп, растаған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде арендалық төлемді аударады.Оқи отырыңыз: 50%-ін мемлекет өтейді: министрлік жалға алынған үйдің ақысын төлеу тетігін әзірледі
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/1d/14829871_71:0:1219:861_1920x0_80_0_0_c57c449c3cc9d2e3dfafdf20f7371a7c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалдамалы баспана, бағдарлама
жалдамалы баспана, бағдарлама
Аренданың жартысын мемлекет төлейді: жаңа бағдарлама қашан іске қосылатыны белгілі болды
08:51 01.02.2022 (жаңартылды: 15:00 01.02.2022) Министрдің айтуынша, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған баспана үшін төлемдерді тағайындау қағидалары әзірленді
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Баспана кезегінде тұрған адамдарға аренда ақысын төлеуге көмектесетін жаңа бағдарлама мамыр айында іске қосылады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін президент жекелеген санаттарға арендалық төлемнің бір бөлігі субсидиялау тетігін әзірлеуді тапсырған болатын.
Министрдің айтуынша, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған баспана үшін төлемдерді тағайындау қағидалары әзірленді. Оператор болып Отбасы банк белгіленді.
Банк кезекте тұрған адамдарды тұрғын үйге мұқтаждығы бойынша ақпараттық жүйе арқылы тексереді.
"Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген: 50 %-і мемлекеттік субсидия есебінен жабылады, қалған 50 процентін үйді жалға алған адам өзі төлейді. Тұрғын үй төлемдері бағдарламасын толық іске қосу мамыр айына жоспарланған", - деді Өскенбаев үкімет отырысында.
Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- отбасының жиынтық табысының соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы;
- тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте кезекке қойылғанын растау;
- тұрғын үй иесі мен өтініш беруші арасында жасалған шарттың болуы.
Төлем тағайындау үшін өтініш беруші банкке ЭЦҚ арқылы өтініш пен баспананы жалдау шартын қоса береді.
Қалған құқық белгілейтін құжаттар тиісті ақпараттық жүйелерден алынады.
Отбасы банк ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексеріп, растаған жағдайда 10 жұмыс күні ішінде арендалық төлемді аударады.