Қоғам

"Сақалын қырып тастады": Тоқаев Алматыдағы бүлікшілер туралы айтты

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVМашины двигаются по улице, на которой стоит разбитый и сожженный автобус
Машины двигаются по улице, на которой стоит разбитый и сожженный автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2022
Жазылу
Президенттің айтуынша, бандиттердің бір тобы Алматыдағы бес жұлдызды қонақ үйде тұрған 
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін бүлікшілердің қайда жасырынғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Содырлардың көбісі, олардың ішінде командирлері де бар, Алматыдан қашып кетті. Кейбірі ауылды жерде жасырынды. Енді біреулер шекара асып, көрші елдерге өтіп кеткен. Басқаша жолмен жасырынғандар да бар. Сақалын қырып тастап, сыртқы келбетін өзгерткен. Көшеде жүрген адамдар болып шыға келеді. Ал оларды ұстаса, "біз далада жүрген жай адамбыз" деп айқайлай бастайды. Ондай фактілер де бар", - деді Тоқаев "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында.
Президенттің айтуынша, бандиттердің бір тобы Алматыдағы бес жұлдызды қонақ үйде тұрған. Сол үшін біреулер ақша төлеген.
"Қазақстан" қонақ үйінің бірінші қабатында өздерінің командалық штабын ашқан екен. Қазіргі кезде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Тоқаев.
Сондай-ақ мемлекет басшысы "Алматыға 20 мың террорист шабуыл жасады" деген мәлімдемесіне түсініктеме берді. 
"Алматыдағы бандиттік акция бір сағат болған жоқ қой. Мәселен, полиция департаменті жанындағы ұрыс ұзаққа созылды. Полицейлер екі түн бойы бандиттердің шабуылына тойтарыс беріп отырды. Көшедегі бүлікшілер де аз болған жоқ, полицейлер мен әскерилерді ұрып соқты. Демек, бандиттердің саны өте көп болды", - деді ол.
Президенттің айтуынша, қалаға үш жақтан шабуыл жасалды. Полицейлер блок-бекет қойса да, бүлікшілер оның бәрін жайратып кетті.
"Содан құқық қорғаушылар басқа жерге ауысып, қайта топтасуға мәжбүр болды. Сөйтіп, тағы алаңға барды. Ол кезде қару-жарақ болған жоқ. Сондықтан бандиттер аз болды деп, күліп отырған дұрыс емес, ақылды адамның сөзі емес", - деді президент.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, бандиттер бірнеше толқынмен шабуыл жасады. Олардың бәрін басқарып отырған.
Жаңалықтар
0