Қоғам

Маминнің немен айналысып жүргені белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Аскар Мамин
Премьер-министр Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
Бұл бірлестіктегі жұмысы үшін ол жалақы алмайды
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Асқар Мамин QazaqGeography қоғамдық бірлестігіне жиі барады. Ол аталмыш республикалық бірлестіктің төрағасы.
Бұл туралы QazaqGeography ақпараттық менеждері Айжан Молдабаева айтты.
"Иә, Асқар Ұзақбайұлы мұнда келеді. Бұл қоғамдық өмірге араласу десе де болады. Оның нақты қандай қызмет атқаратынына қатысты пікір білдіре алмаймын. Төраға ретінде ол жобалар мен жұмыс жоспарын бекітеді", - деді ол.
QazaqGeography жарғысы бойынша мұнда төраға 6 жылға сайланады. Асқар Маминнің құзіреті тек 2024 жылы аяқталады. Бұл бірлестіктегі жұмысы үшін ол жалақы алмайды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 30 жылда кімдер премьер-министр болды
 
Жаңалықтар
0